Әзербайжан Республикасының жоғары наградасына ие болуымен танымал ақын әрі мемлекет қайраткерін Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Серік Пірімбетов құттықтады.
17:12, 17 Мамыр 2011
Олжас Сүлейменов «Достлуг» орденімен марапатталды
БАКУ. 17 мамыр. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - 16 мамырда Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан мәдениетін халықаралық ауқымда насихаттауға қосқан үлесі үшін Олжас Сүлейменовты «Достлуг» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.