АЛМАТЫ. Қазақпарат – Алматыда «Қазақстан халық конгресі» жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті. Ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Съезге еліміздің әр өңірінен барлығы 1 500-ге жуық делегат келді.
Партия бағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді.
Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды.
Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды.
Еске салайық, былтыр мамыр айында Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясы қайта құрылатыны туралы айтқан болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.