«Сыр өңірінде үшінші рет болып отырмын. Бұл өңірді өзге облыстармен салыстыруға келмейді. Артықшылықтарыңыз өте көп. Әсіресе, тарихи жағынан қарағанда атқарылып жатқан істерге көңілім толады. Күзде Қорқыттың кіндік қаны тамған жеріне түркі тілдес елдердің басың қосқалы отырсыздар. Өте дұрыс. Өйткені бұл өңір түркітану орталығы болуға әбден лайық» - деді Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов.
Жазушының айтуы бойынша, «Алтай - түркі әлемінің бесігі» деп айтылғанда өзінің келіспейтіндігін білдірген.
«Өйткені төрткүл дүниеде түркі әлемінің бесігі саналатын өлкелер аз емес. Соның бірі де, бірегейі осы Сыр бойы. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атаның мұраларын ЮНЕСКО-ның «Материалдық емес мәдени мұралар тізіміне» енгізуге күш салуымыз керек», - деді ол өз сөзінде.