Жалпы, бүгінгі кездесуге жас оқырмандар көп жиналған екен. Олар Олжас Сүлейменовтың шығармаларын оқып біткен соң атақты жазушыдан бата сұрады.
«Гаврил Державиннің кезінде Пушкин оқыған лицейдегі жағдай есіме түсіп тұр. Мен әрине, Державин емеспін, бірақ, балалар осы бағытты таңдаған соң, армандары орындалар деп сенемін. Уақыттарыңның көбін кітапханаға арнаңдар, қолдарыңнан кітап тастамаңдар»,-деді жастарға ақылын айтқан О.Сүлейменов.
Ақын өмір туралы ой қозғай келе: «қазір өтпелі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Менің әр онжылым әртүрлі өзгерістерге, әртүрлі өтпелі кезеңдерге тұспа тұс келді. Бірақ, қайда бардық? Келесі кезеңге келдік. Міне, өмірдің формуласы осы шығар. Мүмкін, барар дұрыс бағытты кейде таппай қалатын шығармыз, бірақ, білерім, тұтастай бір халық өмір сүруін тоқтатпау керек», - деді ақын.