Олжас Тәжібаев Шымкент құрылыс басқармасына басшы болды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Олжас Пердебайұлы Тәжібаев Шымкент қаласының құрылыс басқармасына басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Шымкент әкімдігі

Олжас Пердебайұлы 1988 жылы 23 тамызда Алматы облысы Қарасай ауданында туған.

Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясының түлегі.

Мамандығы бойынша біліктілігі — құрылысшы.

Еңбек жолын 2011 жылы «МКО Просто Кредит» ЖШС несие маманы болып бастаған.

2012-2022 жылдары жеке секторда және мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарды.

2022-2023 жылдары Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.