Оман Қазақстанға Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын құруда серіктес болуды ұсынды

Фото: Фото: primeminister.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасарлары Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оман инвестициялық банкінің (OIB) өкілі Ибрагим Әл-Эйсеримен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматтарын талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ибрагим Әл-Эйсери Парсы шығанағы елдерінің Орталық Азия аймағына, атап айтқанда, логистика саласына инвестиция салуға қызығушылық танытатынын атап өтті. 

Фото: primeminister.kz

Тараптар Оман банкінің Қазақстандағы ресми өкілдігін ашу мәселесін қарастырды. 

Фото: primeminister.kz

Оман делегациясы Қазақстанға Парсы шығанағы, ОА және Кавказ елдерінің макроөңірлері арасындағы экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын құруда серіктес болуды ұсынды. 

Фото: primeminister.kz

Кездесу Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаиди мырзаның Қазақстанға ресми сапары және Астанада өтетін Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының 1-отырысы қарсаңында өтті.

Өңірлік саясат жобалық кеңсесінің бірінші отырысы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткенін жазған болатынбыз.