Оман Сұлтаны Мемлекет басшысына алғыс айтты

АСТАНА.KAZINFORM – Оман Сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Фото: Ақорда

– Кейінгі отыз жылдан аса уақыт ішінде қарым-қатынасымыз айтарлықтай ілгерілеп, нығая түсті. Бүгінгі кездесуіміз қол жеткізілген нәтижелерді бекемдеп, екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сапар аясында өзара түсіністік жөніндегі бірқатар келісім мен меморандумға қол қоямыз. Сіздің қолдауыңызбен экономика, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда берік байланыс орнатамыз деп сенемін. Біз екі ел арасындағы барыс-келістің артуына мүдделіміз. Президент мырза, жылы қарсы алғаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Өзіңізбен жақын арада Маскат қаласында жүздесеміз деп ойлаймын, – деді Хайсам бен Тариқ Әл Саид.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді.