«Оман туры» көпкүндігінің нәтижесі: «Астана» велошабандозы үздік үштікте

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оман туры» көпкүндік веложарыстың соңғы - алтыншы кезеңі аяқталды.

Бұл кезеңде мәреге бірінші болып норвегиялық «Катюша - Alpecin» командасының велошабандозы  Александер Кристофф келді. Екінші орында румындық Эдуард-Михаэль Гросу («Nippo - Vini Fantini») тұр, үздік үштікті италиялық Саша Модоло («UAE Abu Dhabi») тұйықтады, деп жазады Sports.kz .

«Астана» командасы сапында үздік нәтиже көрсеткен Алексей Луценко болды - 18-орын. Одан кейінгі орындарға Якоб Фульсанг (47-інші), Фабио Ару (50-інші), Танел Кангерт (53-інші), Андрей Зейц (70-інші), Даниил Фоминых (108-інші), Никита Стальнов (110-ыншы) және Бақтияр Қожатаев (132-е) орналасты.

Ал жалпы есепте жеңімпаз бельгиялық Бен Херманс (ВМС) болды, екінші орын португалиялық Руй Коштаға («UAE Abu Dhabi»), ал үшінші орын «Астананың» шабандозы Фабио Аруға бұйырды.

Сондай-ақ «астаналықтардың» арасынан үздік жиырмалыққа Якоб Фульсанг пен Алексей Луценко енді. Олардан кейін Андрей Зейц, Танел Кангерт, Никита Стальнов, Даниил Фоминых және Бақтияр Қожатаев орналасты.


«Оман туры». Жалпы есеп:

1. Бен Херманс (Бельгия, ВМС)
2. Руй Кошта (Португалия, «UAE Abu Dhabi») - 0:22
3. Фабио Ару (Италия, «Астана») - 0:35

17. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») - 2:27
20. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») - 3:10
25. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - 4:29
33. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») - 7:36
92. Никита Стальнов (Қазақстан, «Астана») - 30:22
118. Даниил Фоминых (Қазақстан, «Астана») - 38:07
129. Бақтияр Қожатаев (Қазақстан, «Астана») - 43:47.