Жол апаты 15 қарашада Салала қаласында болған. Онда Қазақстан азаматтары демалып жүрген.
Көлікке төрт адам — әжесі, атасы, олардың қызы мен кәмелетке толмаған немересі мінген. Барлығы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар зардап шеккен азаматтарға консулдық көмек көрсетіп, оларды емдеп жатқан дәрігерлермен байланыста.
— Қазіргі уақытта азаматтарымызды Қазақстанға қайтару мәселесі шешіліп жатыр. Жағдай ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауында, — деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, бұған дейін Үндістанда жол апатынан бір отбасының тоғыз мүшесі қаза тапқанын хабарлағанбыз.