Омандағы порт пен мұнай тасымалдайтын кеме объектілеріне дрон шабуыл жасады

Фото: Oman News Agency

АСТАНА. KAZINFORM — Мусандарм аймағындағы сауда порты мен азаматтық кемеге жасалған, экипаж қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп жазды Kazinform агенттігінің Иорданиядағы меншікті тілшісі.

Оманның теңіз қауіпсіздігі орталығы жексенбі күні Палау туымен жүретін мұнай тасымалдайтын Skylight атты танкерге шабуыл жасалғанын хабарлады. Оқиға Мусандарм провинциясындағы Хасаб портының солтүстік жағынан шамамен бес теңіз милі жерде болды.

Оман билігінің мәліметінше, кемеде 20 адам — соның ішінде 15 Үндістан және 5 Иран азаматы болған. Барлығы эвакуацияланды. Төрт адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алып, медициналық көмекке жеткізілді.

Оман билігі шабуылға кімнің кінәлі екенін нақтылаған жоқ.

Сонымен қатар, Оман ақпарат агенттігі Дукм сауда портына дронмен жасалған шабуыл туралы хабарлады. Қауіпсіздік саласындағы дереккөздің мәліметі бойынша, екі дрон нысанаға тиген. Бірі жұмысшылардың мобильді жатақханасына, екіншісі жанармай қоймаларының қасында құлап, материалдық шығын келтірмеген.

Оқиға салдарынан бір шетелдік жұмысшы жарақат алды.

Осы жағдайға байланысты АҚШ-тың Омандағы елшілігі қызметкерлері мен азаматтарына «Маскаттан тыс белсенділікке» байланысты қауіпсіз жерлерге баруды ұсынды.

Бұл оқиғалар Иран, Израиль және АҚШ арасындағы соңғы шабуылдардан кейін Парсы шығанағы өңіріндегі шиеленістің жалғасып жатқан кезеңінде болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оман Парсы шығанағы елдері арасында Иранның соққыларынан зардап шекпеген жалғыз мемлекет екені хабарланған болатын.