"Кинотуындыны көрсетердің алдында Қазақстанның Омандағы Елшісі Ержан Мұқаш омандық телеарнаның тілшілеріне сұхбат беріп, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ Қазақстан-Оман қарым-қатынастарының жай-күйі мен болашағы жайында әңгімелеп берді", - делінген ресми xабарламада.
Айта кетейік, «Балалық шағымның аспаны» - 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтың Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. Көпсериялы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бірінші бөлімі. 2011 жылы 7 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында болып, фильмнің тұсаукесеріне қатысқан болатын.