«Маман келісімшартқа қол қойды және команданы «Ордабасы» құрамасымен ойнауға дайындайды», - делінген хабарламада.
Хабарламада келісімшарт мерзімі бір жарым жыл екені аталып өтілді. «Тобылдың» жаңа бас бапкері өз міндеттеріне жақын арада кіріседі.
Омари Тетрадзе бапкер ретінде 2006 жылдан жұмыс істейді. Бапкерлік мансабын «Крылья Советов» құрамасында бастады, кейін ресейлік «Анжи», «Волга», «Химки» клубтарында және қазақстандық «Жетісуда» бас бапкер болды.
Тетрадзе Ресей-ТМД құрамасында өнер көрсетті, 1994 жылғы әлем чемпионатына, 1996 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан.
«Тобылға» келгенге дейін бапкер ресейлік «Енисей» (Красноярск) клубында болды.