34 жастағы омарташы денесіне «қонған» 460 мың арамен 14 минут бойы тұрды. Арамен күн сайын жұмыс істеп жүргеніне қарамастан, ол осы «ерлікті» жасаймын деп қорқып қалған, деп жазады Утро ру.
Омарташы қауіпсіздік шарасы ретінде басына полиэтиленді пакетті киіп алды. Ара шаға қалған жағдайда онымен бетін жабуды көздеген екен.
«Қаншалықты толқығанымды білсеңіздер ғой. Бірақ соған қарамастан өзімнің балымды жарналамалап, сатуым керек», - дейді омарташы Шэ Пин.
Оның айтуынша, балды жарнамалаудың аталған түрі әлемде он жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді.
Сондай-ақ ол бұған дейін денесін арамен жауып, Гиннес рекордтар кітабына енген Үндістан тұрғыны қалыптастырған рекордты жаңарта алмады. Үнділік омарташы денесіне 61 келі араны қондырып, үздік атанған болатын, деп жазады агенттік.