«Кәмелетке толмаған бала ақшалай сыйақы алу үшін ұялы телефон арқылы достарына ірі сомаға қоғамдық орындарда лаңкестік әрекет жасау туралы ұсыныспен хабарлама жіберген. Хабарлама жібергені үшін жасөспірімге белгісіз біреу әрбір 10 хабарлама үшін 2,5 мың рубль көлемінде ақшалай сыйақы беруді уәде еткен», - деп хабарлады ФҚБ аймақтық басқармасының ресми өкілі Ирина Руснак.
Оның айтуынша, жасөспірімнің тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, компьютер мен ұялы телефон тәркіленген. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, Ресей ІІМ Омбы облысы бойынша басқармасы өзіне байланысты емес себептермен аяқталмаған алдағы жарылыстар туралы әдейі жалған хабарламаларды тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Еске сала кетсек, 22 наурызда белгісіз біреулер Мәскеу маңындағы Красногорск қаласының «Крокус сити холл» ғимаратында оқ жаудырған. Бұл кезде «Пикник» тобының концерті сонда басталуы тиіс еді. Ресей Тергеу комитеті лаңкестік әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл іс бойынша айыпталушылар жақында Ресейде ұсталды.