Омбы–Майқапшағай трассасында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Фото: Абай облысы ПД

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше адам көз жұмған жол апаты болды. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. 

Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.

Абай облысының Полиция департаменті барлық жүргізушіге рульге отырған әр сәтте аса мұқият болуды ескертеді. 

Айта кетелік жыл басынан бері 15 мыңнан астам жол апаты болған