Омбудсмен азаптау әрекеттерінің алдын алу мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен азаптауларды және басқа да қатыгез қарым-қатынастың түрлерінің алдын алу бойынша Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.

Оның барысында 2017 жылға арналған ҰАТ қатысушыларының іріктеуі өткізілді, сондай-ақ оның кезекті жыл сайынғы баяндамасының дайындық барысы талқыланды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық-құқықтық міндеттемелеріне сәйкес, Омбудсмен жанындағы Үйлестіру кеңесі жыл сайын ҰАТ қатысушыларын - азаматтардың бас бостандығын шектейтін мекемелерге жүйелі түрде баруды жүзеге асыруға құзыреті берілген азаматтық қоғамының өкілдерінің ішінен ғана іріктейді.

Омбудсмен Шәкіровтың айтуынша, ҰАТ жұмысының 3 жылдық тәжірибесі көрсеткендей азаматтық қоғамының кең ауқымды тұлғаларын бұл жұмысқа тартудың тиімділігі туралы айтатын ҰАТ жымысында жоғары нәтижелілігін көрсеткен бұрын жабық мекемелерінің бақылауымен таныс болмаған, бірақ құқықтық, медициналық, әлеуметтік, психологиялық және басқа да мамандықтарда білімі бар қатысушыларының бірталай бөлігі.

Талқылаудың нәтижесінде Үйлестіру кеңесімен іріктелген үміткерлерден 2017 жылға арналған ҰАТ өңірлік топтары құрылды. Сонымен қатар, 2016 жылға ҰАТ қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын дайындау мәселесі талқыланды.