Омбудсмен бастаған жұмыс тобы Оңтүстік Қазақстанның пенитенциарлық мекемелерін аралауда

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров бастаған жұмыс тобы наурыздың 30-ы мен сәуірдің 1-і аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының пенитенциарлық және арнайы мекемелерін, атап айтқанда,

уақытша оқшауландыру абақтысын, тергеу абақтыларын, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығын аралайды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа қазақстандық Омбудсменнің баспасөз қызметінен. Қазақстан 2008 жылы Азаптауларға қарсы конвенцияға Хаттаманы ратификациялай отырып, қамауда ұстау орындарын қоғамдық бақылау жүйесін құру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алды. Осыған байланысты республикада қазіргі кезде осындай бақылаудың Ұлттық алдын алу тетіктерінің заңнамалық базасы әзірленуде. Уәкіл өткен жылы Азаптауды пайдалану және басқа да қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтын жәбір көрсету не жазалау фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобын құрды. Топтың сонымен қатар қоғамдық мониторинг ретінде азаматтарды бас бостандығынан айыру және шектеу орындарына бару мүмкіндігі бар.Оның құрамына келісу бойынша, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Жоғарғы Соттың, Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, сондай-ақ құқық қорғаушы, олардың ішінде халықаралық ұйымдардың өкілдері кіреді. Жұмыс тобы тұтқындалғандардың, айыпталушылардың, сотталғандардың, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығына жайғастырылған балалардың жағдайларымен және құқықтарының сақталуымен танысты. Топ мүшелері арнайы контингент үшін және пенитенциарлық мекемелер қызметкерлері үшін кеңестер берді.Жұмыс тобының мүшелері сондай-ақ, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады, Оңтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының жанындағы қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелерімен кездесті, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелердің әкімшіліктері қызметкерлерімен олардың сотталғандармен қарым қатынастар бойынша БҰҰ-ның минималды стандарттық ережелерін білу жайы туралы әңгімелесті, қамауда ұстау орындарында қадағалау жағдайымен танысты.