Омбудсменнің БҰҰ-ның арнайы баяндамашысымен кездесуінде нәтижелі әрекеттестікті жалғастыру қажеттілігі атап өтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада БҰҰ-ның Бейбіт жиналыс және қауымдастық құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы М. Киаидың Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А. Шәкіровпен кездесуі өтті.

Жүздесу барысында Қазақстандағы адам құқықтарын қамтамасыз ету, құқық қорғау саласындағы міндеттерді имплементациялау, аталған бағытта азаматтық қоғамның және мемлекеттік органдарының қарым-қатынасы туралы мәселелері жан-жақты талқыланды

А. Шәкіров халықаралық сарапшыны ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің ерекшеліктерін және негізгі бағыттарын, оның мемлекеттік-құқықтық жүйесіндегі ролі мен орны туралы хабардар етті.

Сондай-ақ адам құқықтары саласындағы заң шығарушылық пен құқық қолдану тәжірибесі, соның ішінде бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтардың мәселелерін реттеу жөнінде толық ақпарат берілді.

Өз кезегінде, М. Киаи Омбудсменнің Қазақстандағы бар құқық қорғау талаптарының көзқарасындағы ұсынған ақпаратының маңыздылығын атап көрсетті.

Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу тұрғысынан Қазақстанның шолуға қатысты ұсынымдарын және БҰҰ-ның өзге тетіктерін орындау жөніндегі шаралары туралы пікір алмасу өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Омбудсмен нақты құқық қорғау бағыттарының жұмысы шеңберінде БҰҰ-ның мамандандырылған құрылымдарымен нәтижелі әрекеттестігін жалғастыру қажеттілігі туралы ортақ пікір білдірілді, деп хаюарлайды ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.