Омбы-Майқапшағай күре жолында Қырғызстанның 15 азаматы құтқарылды
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, Железин ауданы орталығының №22 өрт сөндіру бөлімінің кезекшісіне "Мерседес-Спринтер" автобусының сынып қалғаны туралы хабарлама түскен. Көліктің ішіндегі жолаушылардың төртеуі балалар болған. Сондай-ақ, олардың арасында егде жастағы екі адам Қырғызстаннан Ресейге бет алған.
«Оқиға орнына дереу ТЖ және құтқару бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді. Жолаушылардың жартысы жақын жерде орналасқан жылыту пунктіне жеткізіліп, медициналық қызметкерлер қарап шықты. Қариялар мен балалар Башмачное ауылының ауруханасына апарылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Құтқарушылар шағын автобусты жөндеу үшін Прииртышское ауылындағы жылы боксқа алып кетті, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетерлігі, кеше таңертең сағат 6.00-да сынап бағанасы - 28 градус аязды көрсеткен.