Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Павлодар ауданына қарасты Набережное ауылының маңында болды.
«17 ақпан күні сағат 10.27 шамасында «Омбы - Майқапшағай» тасжолында, Набережное ауылының жанында жол апаты тіркелді. «Форд» және «Хонда» маркалы автокөліктер соқтығысқан. Салдарынан «Хондада» отырған екі адам көз жұмды», - деді департаменттен.
Рavlodarnews.kz ақпаратына сәйкес, ажал құшқандар 41 және 44 жаста болған ерлі зайыптылар.
Сондай-ақ көліктердің жүргізушілері мен екі жолаушы түрлі жарақатпен Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.