«Омбы-Майқапшағай» жолында «Жигули» көліктері соқтығысты, зардап шеккендер бар
15:25, 20 Қыркүйек 2010
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында «Омбы-Майқапшағай» тас жолында қыркүйектің 19-ында кешке жол-көлік оқиғасы болып, апат салдарынан бір адам қаза тапты, үш адам жараланды.
«Ваз-2121» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Ваз-2106» машинасымен соқтығысып қалды. Апат орнында екінші жеңіл көліктің 44 жастағы жолаушысы қайтыс болды. Тағы үш адам: екі жүргізуші мен «Ваз-2121» көлігінің жолаушысы Зайсан ауруханасына жеткізілді.