«Бұл келешегі бар жоба, артықшылықтары бірден көрінеді. Ресей транзиттік дәліз ашылады. Жоба 4,5 жылда аяқталады деп жоспарланған, осы уақыт аралығында қайта 900 шақырым жол салу керек болады», - деді «Қазавтожол» ұлттық компаниясының директоры Валентин Цой.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ақпараты бойынша, әр жолға 120 миллиард теңге көлеміндегі қаражат бөлінген. Жол құрылысымен қазақ және қытай компаниялары айналысуда.
Сондай-ақ, елшілік өкілдерінің айтуынша, бұл бағыт бойынша сағатына 120 шақырым жылдамдықпен сегіз мыңға жуық көлік жүріп өтеді деп жоспарланған.