Күдікті көшеден тауып алған бөтен біреудің төлқұжатына өзінің суретін жапсырып, танысынан алған жүк көлігімен (жалған мемлекеттік нөмірмен) ғаламтор арқылы сыра жеткізуге тапсырыс берушіні тауып, оның атынан сыра қайнататын зауытқа жалған құжатпен барған. Тиелген сыра құны миллион рубльден асқан. Жігіт жүгімен бірге Омбы қаласына жақын жердегі Амур елді-мекеніндегі автотұраққа барып, сатып алушымен келісіп, барлық тауарды 250 мың рубльге өткізіп жіберген. Бұл әрекетінен кейін жігіт тұрғылықты жеріне бармапты. Полицейлер бейне бақылау камералары арқылы жүк көлігін анықтап, соңыра оның жүргізушісін тапты. Күдікті ұсталып, оған алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ол 2 жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін.
11:32, 23 Сәуір 2015
Омбыда 22 жастағы алаяқ 20 тонна сыраны ұрлап кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбыда 22 жастағы жергілікті тұрғын зауыттан 20 тоннадан астам сыра ұрлап кетті, деп хабарлады Лента.ру