Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша екі адам мерт болып, 17 адам құтқарылған, 17-ы үйінді астында қалған.
Светлый кентіндегі әскери-десант әскері (ӘДӘ) мамандарын даярлауға арналған оқу-жаттығу орталығы ғимаратының төбесі және қабырғалары опырыла құлаған. Апат себептері айтылмай отыр.
Қайғылы жағдайға байланысты қорғаныс министрлігінің ӘДӘ қолбасшысы міндетін атқарушы генерал-лейтенант Николай Игнатов бастаған комиссия оқиға орнына аттанып кетті.