Айза Базғиева Омбы ІІМ академиясында 3-курста оқиды.
Финалдық кезең басталмас бұрын берген сұхбатында ол конкурсқа дайындық кезінде әлеуметтік желілерде өзі туралы біраз теріс пікір айтылғанын мойындады. Оған қарамастан, ару қыз өзін қолға алып, пікірлерді елемеуге тырысқан. Дегенмен, осы сөздерді айтып тұрған сәтінде оның көзіне жас іркілді.