Бұл шара Ресей күш құрылымдары және Қазақстан дипломатиялық ведомоствосымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды om1.ru .
Қазақстан тарапынан операцияға консул Элдар Қонаев бақылау жасаса, Ресей тарапынан Омбы облысы бойынша Федеральдық қауіпсіздік қызметі басқармасының басшысы, генерал-майор Василий Кондратенко жетекшілік етті.
Дипломатиялық нысандағы антитеррорлық шараның егжей-тегжейі жария етілген жоқ.
Күш құрылымдары алға қойылған тапсырмаларды орындады, ал оқу-жаттығу барысында кездескен кемшіліктер енді басқа нысандарда ескерілетін болады.