Омбыда қазақстандық «Шевроле» көлігімен велосипедшіні қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбыда қазақстандық «Шевроле Треккер» көлігімен велосипедшіні қағып кеткен.

«Вечерний Омск» газетінің Омбы облысының МЖҚҚИ насихат бөліміне сілтеме жасап хабарлауынша, омбылық 23 жастағы жігіт автотұрақта велосипедпен Октябрьдің 70 жылдығы көшесіндегі бірінші үйдің маңында келе жатқан, сол кезде тұраққа кірген 34 жастағы Қазақстан азаматы басқарған «Шевроле Треккер» автомобилі кіріп келе жатқан. Жүргізуші велосипедшіні байқамай қалған.

Велосипедші жігіт бас миына зақым келген деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді, бірақ та медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.