«Алдын ала болжам бойынша, 2016 жылы 13 қазан күні түнгі уақытта отыз жастағы жергілікті тұрғын ұйықтап жатқан сегіз жасар баласын қолына алып, тоғызыншы қабатта орналасқан пәтер терезесінен секіріп кеткен. Жерге құлаған ана мен бала сол мезетте көз жұмған», - делінген хабарламада.
Тергеу комитетінің хабарлауынша, күйеуімен ажырасып жатқан әйел ата-анасымен бірге тұрған. Секірерден бұрын жеке себептеріне байланысты бұл қадамға барғанын түсіндірген хат қалдырып кеткен.