Омбының спорт министрі «Феррари» көлігімен ұшақты басып озды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы облысында өткен «Сібір қанаты - 2015» әуе-авто-фестивалінде «Авиапракт» жеңіл моторлы ұшағы мен суперкар сайысы ұйымдастырылды. Ерекше сайысқа «Авангард» хоккей клубының капитаны Денис Куляш Ferrari 458 Italia көлігін қатыстырды. Оның рөліне Омбы облысының спорт министрі әрі автожарыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Фабрициус отырды, деп хабарлайды lifenews.ru.

Спорт министрі стартта сәл кідіріп қалса да, соңында жеңіл моторлы ұшақты басып озды.

Сонымен қатар жеңіл моторлы Cessna ұшағы мен «Тойота-cупра» көлігі арасында да жарыс өтті. Бұл додада ұшақ сәл ғана артықшылықпен басым түсті.