Деректерге сай, елде 500 адам омикрон штамын жұқтырған. Жаңа жылдық мерекелер кезінде жұқтыру жағдайлары одан да артып, медицина жүйесіне едәуір салмақ түсуі мүмкін.
Омикрон жұқтыру жағдайларының басым бөлігі карантин кезінде тіркелген. Сонымен қатар бұл штамм Токио мен Осакуды қосқанда, қалалық аудандар тұрғындарының арасында да таралған.
Жапония премьер-министрі Фумио Кисида қоғамды коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында қосымша шараларды қабылдауға шақырды, себебі мереке алдында адамдар Жапония бойынша саяхат жасай бастайды.
Ол адамдардан мерекеге орай туған қалаларына оралу туралы мұқият ойлануды сұрады. Сонымен қатар сапар кезінде маска тағып, қол жуып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды.