Жаңа картина ұзақ уақыт шетелде өмір сүрген және өзін нағыз шетелдік сезінетін жас қазақ ғалымының өмір жолын баяндайды.
Күндердің күні тағдырын айқындайтын шешім қабылдар алдында ол туған жеріне оралады...
«Бұл - әр көрерменге әсер ете алатын драмаға толы оқиға. Өйткені фильм көтеретін біз кімбіз, қайдан келдік және қайда барамыз деген сұрақтар әр адамның жүрегінде жүр», - дейді картинаның продюсері Аружан Досымқожа.
Басты рөлдерде Ермек Шынболатов, Исбек Әбілмажинов және Ирина Баркова ойнайды.
Камераның тізгінін қазақ киносындағы азғана оператор қыздардың бірі – Айгүл Нұрболатова ұстады.
Қоюшы-суретші – Аяна Нұрдинова. Фильмнің продюсерлері – Аружан Досымқожа және Александра Сытник.
Фильмнің композиторы - Санжар Бәйтереков.
Фильмнің түсірілімі өткен жылдың күзінде өтті. Кинокартина авторлары туындыны халықаралық фестивальдерге жіберуді жоспарлап отыр.
«Жоқтау» толықметражды көркем фильмі ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы көмегімен түсірілген.