Мамандар тізімді жасау кезінде қала көлігі, білім сапасы, баспана сапасы, медициналық қызмет көрсету, мәдени өмір, саяси және экономикалық тұрақтылық сияқты факторларды талдады.
Екінші орында Цюрих (Швейцария) тұр.Үшінші орынды Ванкувер (Канада), Мюнхен (Германия) және Окленд (Жаңа Зеландия) бөліскен. Олардан кейін Дюссельдорф пен Франкфурт (Германия), Копенгаген (Дания), Женева мен Базель (Швейцария) бар.
Рейтингтің соңында Хартум (Судан), Порт-о-Пренс (Гаити), Сана (Йемен) мен Банги (ОАР) орналасқан. Соңғы орында Бағдат (Ирак) тұр.