АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Барша қазақстандыққа бірлік пен ынтымақ тілеймін. Бүгін Жеңістің 68 жылдығына орай елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысқан еңбек ардагері Иван Чагин осындай лебізін білдірді.
«Қазақстанымыздың өркендеп, қуатты мемлекет болуын, жастарымыздың әркезде де дені сау болып, елін-жерін сүйетін азамат болып өсуін тілеймін», - дейді еңбек ардагері.
Сонымен қатар ардагер қазақ жерінде әр кезде де бірлік пен ынтымақ орнап, елімізде тыныштық пен бейбіт өмір болсын деген ниетін жеткізді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.