«Өмірден өтсем де, өлеңнен кетпеймін» республикалық ақындар айтысының жеңімпазы 500 мың теңгеге ие болды
07:24, 22 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтың ұстазы, ақын Қаныбек Сарыбаевтың 75 жылдығына орай "Өмірден өтсем де, өлеңнен кетпеймін" атты тақырыпта республикалық ақындар айтысы өтті.
Жыр додасына Айнұр Тұрсынбаева, Кәрима Оралова, Сара Тоқтамысова, Жансая Мусина, Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров, Сырым Әуезхан, Мейірбек Сұлтанхан, Жарқынбек Наушабек қатысты.
Айтысты сатирик Көпен Әмірбек ашып жүргізсе, Әселхан Қалыбекова, Маржан Есжанова бастаған аузы дуалы айтыскерлер қазылық жасады. Қорытындысында бас жүлдені (500 000 теңге) Еркебұлан Қайназаров, 1 орынды (300 000 теңге) Жансая Мусина иеленді. Басқа ақындар түрлі номинациялар бойынша жүлделерге ие болды. Төрт сағатқа созылған айтыстың ұйымдастырылуына Түркістан қалалық әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен, деп хабарлайды kazaitys.kz.