«Назарларыңызға әрбір автомобиль жүргізушісі көруі тиіс видеоны ұсынамыз. Астана қаласы қоғамдық келісім басқармасының қызметкерлерінің бастамасымен ролик видеоойын түрінде монтаждалды. Онда көлік басқарумен ойнауға болмайтыны баяндалады. Ролик соңындағы цифрлар кез келген адамды ойлантады», - делінген «Астана LRT» хабарламасында.
Еске селе кетейік, ақпан айында елорданың Тұран даңғылындағы Bus Lane-да «Chevrolet Cruze» маркалы жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, салдарынан 30 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылған болатын.