«Мен өмірімде алғаш рет не дерімді, бұған қалай пікір айтарымды білмей отырмын. Министр өз ісін білетін болар, сондықтан келіспеске амал жоқ. Жаңалықтардың 20 пайызы менің есіміммен қатысты екен, олай болса оқушылардың емтихан тапсыру кезінде іштері пыспайтын болады», - деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін республикалық басылымда ҰБТ-ның алдын ала тапсырмалары жарияланды. Жұртшылық сұрақтардың ішінен қазақстандық жұлдыздарға қатысты тесті байқап қалып, наразылық тудырған болатын. Олардың пікірінше, оқушылардың мектеп бағдарламасын білуі шарт, ал жұлдыздардың өмірі туралы білу талап етілмеуі керек.
3 наурыз күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бұл оқиға жайлы пікірін айта келе, білім министрі Ерлан Сағадиев Баян Мақсатқызы туралы сұрақты көрмегенін мойындады . Сондай-ақ, алдағы уақытта ҰБТ-ға бұл сұрақтың ену-енбеуі туралы мәселе жөнінде ақылдасатындарын жеткізді.
«Нақты сұрақтар құру барысында тағы да ақылдасатын боламыз», - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, министр мұндай сұрақтардың ҰБТ-ның алдын ала тапсырмаларында болуы еш әбестік еместігін айтқан.
«Бұл сыни оқылым болып табылады. Сен мәтінді оқып отырасың, ал ол мәтінде дельфиндер, халық қаһармандары немесе қазіргі таңда баршаға белгілі адамдар туралы болуы мүмкін. Одан кейін адам мәтінге байланысты сұрақтарға жауап береді. Біз олардың танитын адамдары туралы (біз қазір сынама емтихандар туралыайтып жатырмыз) сұрақтарды енгізгеннен артық ештеңе көріп тұрғанымыз жоқ. Мысалы, сол секілді Головкин туралы да, Винокуров жайлы да сұрақтар бар. Оның ешқандай жамандығы жоқ», - деп атап өтті министр Парламент палаталарының бірлескен отырысында.