Өмірін балмұздақ сақтап қалды

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Харковь қаласында 23 жастағы МАИ инспекторы қант диабетімен ауыратын адамның өмірін сақтап қалды. Кейін инспекторға науқас адам алғысын айтып, сыйақы берген.

 МАИ инспекторы Василий Максименко көшеде келе жатып, құлап қалған азаматты көреді. «Айналадағы адамдар ішімдік ішкен адам деп оған еш көңіл бөлмегенімен, жас инспектор жақын келіп, оның ауырып тұрға­нын байқаған» деп жазады «Алаш айнасы » басылымы nur.kz порта­лына сілтеме жасап. Ер адам қант мөлшері түсіп кеткенін жет­кізіп­ті. Қант диабетіне шалдыққан адам­ның қанында глюкоза мөлшері азаюынан гипогли­кемия ұстамасы болған. Бұдан адам есінен танып қалумен қатар, бас миы зардап шегуі де мүмкін. Алғашқы көмек ретінде науқасқа қант, тәтті шай немесе шырын беруге болады. МАИ қызметкері бір­ден дүкенге жүгіріп, балмұздақ сатып әкеп, құлап қалған адамға береді. Тәтті жегеннен азаматтың жағдайы жақсара бастайды. Кейін ол милицияға өзінің өмірін сақтап қалған құтқарушысы жайлы хабарлаған, инспектордың бұл әрекеті оң бағаланып, сыйақы беріліпті.