Өмірінің небәрі бірнеше ай ғана уақыты қалғандығын айтқан дәрігерлердің сөзінен кейін ол барлық күш-жігерін жинап, 5 маусым күні таудың ұшар шыңына шықты.
Шеффилд қаласында туып, "Шеффилд уэнсдей" футбол клубының жанкүйері болған Йан өміріндегі соңғы саяхатына аталған команданың бас қарсыласы - "Шеффилд юнайтед" командасының жалауын ала кетті. Оның айтуынша, бұлай істеуіне «Юнайтедтің» жанкүйері - экспедицияға мың фунт стерлингін беріп, қайырымдылық жасаған досы өтініш білдірген.
Шың басына шығуға қажетті қалған қаражатты Йан GoFundMe платформасы арқылы жинады. Қайсар альпинистің арманын жүзеге асыруға 700-ге жуық адам үлес қосып, 35 мың фунт стерлинг жинап берді. Йан оның 29 мыңын жұмсап, қалғанын Макмилландағы қатерлі ісік дертіне шалдыққандарға арналған қайырымдылық қорына өткізді.