Жаңа көпқабатты баспана Көктем-2 тұрғын ауданында салынуда. Аймақ басшысы құрылыстың сапасына және мерзімінде аяқталуына қатысты мердігерге нақты тапсырмалар жүктеді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан бес қабатты үйлер алдағы күзде тапсырылмақ. Жаңа баспаналар жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған арыстықтарға берілмек.
Айта кетейік, Арыс қаласында биыл бұдан басқа тағы 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталған. Жаңа баспаналар келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.