Өмірзақ Шөкеев Арыстағы үш сектордың құрылыс жұмыстарымен танысты

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысып жатқан Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі 9 сектор, Шымкент қаласына тиесілі 10 сектор, БҚО-на тиесілі 11 сектор, жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі төтеншежағдайдан жапа шеккен нысандарды жөндеуге жауапты облыстардың кемшіліктерінайтып, сын-ескертпе жасады.

«Атырау, Павлодароблыстарының жұмысы жүйелі. Толықтай үйлерді бұзып, нәтижелі жұмыс істеуде.Уақытты жоғалтып алдыңыздар. Құрылысы басталмаған үйлер де бар. Тұрғындарментіл табысып жұмыс істеу қажет. Тездетіпжұмыс қарқынын үдетпесеңіздер үлгермейсіздер», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Жалпы, Арысқаласында 8 466 үй бар, оның ішінде апаттан кейін тұруға жарамсызы – 315.Зақымданған үйлер саны – 7 157 болса, ақау актісі жасалған жеке үйлер саны – 7 350.Қазіргі таңда 4 945 үйде жөнделіп жатыр. 2 048 үйде жөндеу жұмыстары аяқталып,үй иелеріне тапсырылды. 359 үйдің құрылысы енді басталмақ. Барлығы 17 сектордажиыны 7 649 маман жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар