Өмірзақ Шөкеев комбайнмен бидай орды

Фото: None
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданы Бөржар елді мекеніндегі «Мақта компаниясы» ЖШС-на барды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Ол мұнда жалпы облыстағы егіс көлемімен, ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, шаруалармен кездесіп,ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, әкім егіс алқабында комбайн жүргізіп, бидайорды.

Қазіргі таңда облыстағы бидай алқабының 44 пайызыорылған. Яғни, 94 мың гектардан 183 мыңтонна астық жиналып отыр. Жалпы 218 мың гектардың әр гектарынан 21 центнерденөнім алғанда 463 мың тонна бидай алу жоспарлануда. Егін оруға қолда бар 1012 астықкомбайнының 90-95% дайындалып, жинаужұмыстарына кіріскен.

Астықпен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарынанбүгінгі таңға 211,4 мың тонна картоп, 553,3 мың тонна көкөніс, 592,4 мың тоннабақша дақылдары жиналып, ішкі сұраныстан басқа Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы менбасқа облыстарға және шетелге экспортталуда. Жыл соңына дейін 2,7 млн тоннакартоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинау жоспарланып отыр.

Егісалқабында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовөңірдің саладағы жетістіктерін мәлімдеді.

«Түркістаноблысында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 823 мыңгектарға егілді. Бұл 2018 жылдан 9,8 мың гектарға артық. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға сәйкес арпа – 1,8 мың гектарға көбейіп, 40 мың га, дәндік жүгері – 2,2 мыңгектарға, 46 мың га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 5,9 мың гектарға, 119,8мың га, мал азықтық 15,9 мың гектарға артып, 205,8 мың гектарды құрап отыр. Албидайдың егіс көлемі биыл 218 мың гектарға жетсе, майлы дақылдар – 96,8 мың га,мақта – 129 мың га егілді. Алдын ала жасалынған болжамдық есеп бойынша 218,6мың га масақты дақылдардың әр гектарынан орташа 21,2 центнерден жалпы 462 мың тонна өнім алу күтілуде», – деді НұрбекБақтыбайұлы.

Облыс әкіміӨмірзақ Естайұлы сала басшыларына жаз мезгілінде ағын су мәселесін қадағалап,шаруалардың жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, ауылшаруашығы өнімдерін экспорттау көлемін ұдайы арттырып отыруды жүктеді.



Соңғы жаңалықтар