Өңір басшысы әрбір үйдің құрылыс сапасын жіті тексеріп, тасқын судан зардап шеккен Өргебас және Фирдауси елді мекендерін қалпына келтіру жұмыстарын бақылады. Су басқан ауылдардың тұрғындары бүгінде құрылыс жұмыстарына қарастырылған кезекті транш қаржыларын алған. Аймақ басшысымен кездескен ауыл азаматтары сауалдарына тұшымды жауап алып, алғыстарын білдірді.
Өмірзақ Естайұлы сапары барысында аудан орталығы Мырзакенттегі жаңа мөлтек ауданды да аралап, жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерде болды. Мұндағы 200 баспананың құрылысы толық аяқталып, бірқатары пайдалануға берілген.
Сонымен қатар Фирдауси елді мекенінде 53 үй, Өргебас ауылында 39 үй тапсырылуға дайын. Құрылыс жұмыстары ырғақты жүргізілуде.