Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» қоры компаниялары тобындағы сатып алуларда қазақстандық қамту деңгейін атады

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» қоры компаниялары тобындағы сатып алуларда қазақстандық қамту деңгейін атады.

Бұл жайында аталған қордың басшысы қазақстандық қамтуды дамытуға арналған қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында жеткізді.

 «Сатып алулардың 84 пайыздан астамын холдингтің үш ірі компаниялары қалыптастырып отыр. Олар: «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жол» және «Қазатомөнеркәсіп» компаниялары», -деді ол.

 Ө. Шөкеевтің сөзіне қарағанда, 2010 жылы «ҚТЖ» сатып алуларында жергілікті қамтудың үлесі 66 пайызды, 2011  жылы 68 пайызды, ал  «ҚМГ» компаниясында 2010 жылы 44 пайызды, 2011 жылы 49 пайызды құрады. Сондай-ақ 2011 жылы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында жергілікті сатып алулар үлесі 61 пайызды қамтыған көрінеді.