Омск, Бішкек және Делидегі қазақстандықтар дауыс беруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Омск, Қырғызстанның Бішкек және Үндістанның Дели қалаларында Қазақстан Республикасы Мәжілісіне депутаттарды сайлау үшін дауыс беру учаскелері ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Фото: t.me/pressmfakz

Еске салайық, бүгін дауыс беру үшін бірінші болып (жергілікті уақытпен сағат 07.00-де, астана уақытымен 04.00-де) Оңтүстік Корея астанасы Сеулде және Жапония астанасы Токиодағы сайлау учаскелері ашылған болатын.

Кейіннен Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Джакарта, Бангкок пен Ханой қалаларында дауыс беру басталды.

Сеулде алғашқы болып қазақстандық курсант Елнұр Асанов өз таңдауын жасады.