Омыртқасы зақымданған аюға ота жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Манго есімді 19 жасар қара аюға омыртқааралық дискіні қалпына келтіру бойынша израильдік ветеринарлар алғаш рет ота жасады.

Бірнеше апта бұрын Манго артқы аяқтарын басудан қалған екен. Бастапқыда оның артқы оң аяғынан жан кеткен, кейін екіншісі де қимылсыз қалған.

Зоологиялық орталықтың өкілі Рамат-Гане Сажит Хоровитцтің айтуынша, бұрындары осындай ауруға шалдыққан аюлар ұйықтатылып өлтірілетін болған. Сонымен қатар жоғарыда аталған оталар кішкене иттердің омыртқасына ғана жасалып келген, деп жазады шетелдік БАҚ.