Он айдағы өнеркәсіптік өнімдердің нақты көлем индексі 98,3% болды
«2016 жылғы қаңтар-қазанда 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Тамақ өнімдерінің, фармацевтика және металлургия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың
11 өңірінде байқалды», делінген хабарламада.
Сонымен бірге, шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді. Сусындардың, темекі, химия өнеркәсібі өнімдерінің және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды.
2016 жылғы қаңтар-қазандағы жекелеген өнім түрлерінің өндірісі
|
Өндірілгені |
Өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен |
мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна |
63,9 |
97,1 |
мыс кендері, млн.тонна |
63,1 |
202,2 |
ұн, млн.тонна |
3,3 |
113,1 |
бензин, млн.тонна |
2,4 |
103,0 |
газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна |
3,9 |
105,7 |
портландцемент, млн.тонна |
7,8 |
98,7 |
жазық илек, млн.тонна |
2,5 |
117,5 |
тазартылған мыс, млн. тонна |
0,3 |
104,1 |
электр энергиясы, млрд.кВт.сағ. |
76,2 |
101,7 |