«Он екі жыл бұрын» – Илон Маск ЖИ қаупін әлдеқашан ескерткенін еске салды

АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық кәсіпкер Илон Маск жасанды интеллектінің қуаттырақ модельдерін әзірлеуді баяулату туралы ұсынысты қолдап, осыдан 12 жыл бұрын жасаған ескертуін еске салды. Бұл туралы ол өзінің Х-тегі парақшасында жазды.

Фото: Анадолы

Anthropic компаниясының басшысы Дарио Амодеи бұған дейін қауіпсіздікке төнетін ықтимал қатерлерге байланысты жасанды интеллектті дамытуды уақытша баяулатуға шақырған еді. Маск бұл ұсынысты қолдады.

Кәсіпкер 2014 жылғы өз жазбасына жауап ретінде «Он екі жыл бұрын» деп жазды. Ол сол кезде жасанды интеллектінің әлеуетті қаупі ядролық қарудан да жоғары болуы мүмкін екенін ескерткен.

ЖИ-дің қарқынды дамуына қатысты алаңдаушылықты басқа мамандар да білдіріп отыр. Anthropic зерттеушісі Джейкоб Коксон технологиялық жарыс әлемді «қайтарымсыз нүктеге» жақындатып, 2027 жылдың соңына қарай аса қауіпті салдарға әкелуі мүмкін екенін айтып, осы саладан кететінін мәлімдеді.

Бұған дейін Anthropic те жасанды интеллект қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылыққа байланысты оны дамытуды уақытша баяулатуға шақырған еді.

Еске сала кетсек, Anthropic зерттеушісі Джейкоб Коксон ЖИ адамзатты жойып жіберуі мүмкін екенін ескерткенін жаздық.