31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген.
Бүгін ер адам өзінің көлік құралын заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.
Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Өтінім беру тәсілдері: eGov.kz үкімет порталы арқылы; екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы; ХҚО арқылы.
Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет.
Сондай-ақ Еуразия экономикалық одағына кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.
Фото: polisia.kz