«2011 жылға дейінгі елде өңделген барлық алтын сыртқа шығарылған. 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін алтынды экспорттауға уақытша шектеу қойылды. 2011-2015 жылдары 229,62 тонна көлемде өңделмеген алтын алынды. Оның ішінде 64,24 тоннасы экспортқа шығарылды. Ал шамамен 110 тонна тазартылған алтын Ұлттық банкке өткізілді», — деп жауап берді министрлік агенттіктің сауалына.
Ведомство мәліметінше, «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заңға сәйкес, 2016 жылдан бастап Ұлттық банк аффинирленген алтынды сатып алуда басым құқыққа ие болған.
«2011-2022 жылдар аралығында Ұлттық банктің қорына шамамен 550 тонна тазартылған алтын сатып алынды. Елімізде жыл сайын шамамен 1 мың тоннадан астам күміс өңделеді. Оның 990 тоннаға жуығы экспортталады», — деп атап өтеді министрліктен.