Соның ішінде қалалық мекендерде - 197 138 адам, ауылдық - 175 406 адам. Туылған ер балалардың саны 191 878 адамды (51,5 пайыз), қыз балалар - 180 666 адамды (48,5 пайыз) құрады. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 106 ер баланы құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.
Агенттік мәліметтеріне сәйкес, 2001 жылмен салыстырғанда туғандар саны 68,2 пайызға (ер балалар - 68,3 пайызға, қыз балалар - 68,1 пайызға), қалалық мекендерде - 70,8 пайызға, ауылдық жерлерде - 65,4 пайызға артты. Сонымен қатар, 2011 жылы 1 000 тұрғынға шаққандағы туғандардың жалпы коэффициенті 22,5 туғандарды құрады және 2001 жылмен салыстырғанда 7,6 промиллеге артты. Қалалық мекендерде осы көрсеткіш 21,81, ауылдық мекендерде - 23,32 пайызды құрады.
Қазақстан өңірлері бойынша 1 000 тұрғынға шаққандағы туудың ең жоғары деңгейі Оңтүстік Қазақстан - 30,60, Маңғыстау - 29,96, Атырау - 28,51 және Қызылорда - 28,45 облыстарында белгіленді. Ең төменгі көрсеткіш Қостанай - 14,51, Солтүстік Қазақстан - 14,76 және Шығыс Қазақстан - 16,4 - облыстарында байқалды.
2011 жылы туғандағы әйелдің орта жасы 27,6 жасты құрады және 2001 жылмен салыстырғанда 0,7 жасқа (2001ж. - 26,9 жас), қалалық мекендерде - 0,9 жасқа (2001ж. - 26,9), ауылдық мекендерде 0,4 жасқа (2001ж. - 27,0 жас) ұлғайды.
Қазақстанның бірнеше өңірлерінде туғандағы әйелдің орта жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Мысалы, көрсеткіш Алматы қаласында 28,8 жасты, Астана қаласы мен Қызылорда облысында 28,2 жасты құрады.